Дәстүрге айналған шараға отандық қуыршақ театрларынан өзге Түркиядан, Әзірбайжаннан, Өзбекстаннан және Грузия мемлекетінен өнер ұжымдары келді, деп хабарлайды 24kz.
Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп келе жатқан фестивальде 11 спектакль қойылады. Оларды бірнеше елдің театр қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайды. Қуыршақтардың жасалуы, қимылы, актерлердің шеберлігі мен қойылымның мағынасына мән беріледі. Фестиваль керуенін Өзбекстанның Самарқанд облыстық қуыршақ театры бастады.
Іс-шараның мақсаты – кәсіби қуыршақ өнерін насихаттау және халықаралық мәдени байланысты дамыту. Сонымен қатар дарынды актерлер мен режиссерлерді ынталандыру. Байқаудан тыс танымал актерлер мен режиссерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.
Еркін Жуасбек, «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі қазылар алқасының төрағасы:
- Жарыс деген шартты түрде шығар, бірақ бір-бірінің деңгейін қарап, қай жаққа дамып бара жатыр, соны сараптап, шамамыз келгенше актерлермен пікір алысу өткізіп, түсіндіруге тырысамыз.
Гүлнафис Мырзашева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті театр өнері басқармасының бас сарапшысы:
- Фестивальге іріктеліп алынған қойылымдар қатысады және фестивальдің аясында қуыршақ театрлары мамандары үшін шеберлік сыныптары өтеді, әртүрлі мамандарға арнап. Олардың өзекті сұрақтарына жауаптар беріледі.
Тегтер #Алматы #фестивальPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz