Саммитке бес мемлекеттен 300-ден астам қонақ қатысты.
Олардың арасында іскерлік қауымдастық, креативті индустрия өкілдері, гастрономия, сән, дизайн, туризм және кино саласындағы танымал тұлғалар бар. Саммит аясында түркі халықтарының тағамдары таныстырылды. Мамандардың пікірінше, түбі бір түркі елдерінің ұлттық ас мәзірі өте бай. Жиында оларды әлемге насихаттау мәселесі де сөз болды. Жалпы Қарасай ауданындағы Креативті технологиялар паркіндегі саммитте түркі дүниесінің дамуына, мәдениеттер байланысына арналған сегіз панельдік сессия өтті. Форумның мақсаты — шығармашылық әлеуетті біріктіру және мәдени мұраны ілгерілету.
Қайрат Мұқанов, ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының кеңесшісі:
- Түркі халықтарының барлық бағыттар бойынша даму әлеуеті жоғары. ТҮРКСОЙ-дың қызметі креативті индустриялармен тығыз байланысты. Біз осы бағытта әрі қарай бірігуіміз керек. Саммит Қазақстан халқы үшін де, барлық түркі елдері үшін де үлкен маңызға ие.
Тегтер #Алматы облысы #ТҮРКСОЙ #креатив #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz