RU
Толық нұсқаға өту

«Ел басқару жөнінде» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

29.05.2025, 19:55 437

Қытайдың саяси бағыт-бағдары, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтудағы ұстанымдары туралы кітап жарық көрді, деп хабарлайды 24KZ. Авторы – Қытай Төрағасы Си Цзиньпин. «Ел басқару жөнінде» деп аталатын төрт томдықтың тұсаукесеріне Мәдениет және ақпарат министрі қатысты.

Аида Балаева кітаптың қазақ тіліне аударылғанын және көрші елдің ұзақмерзімді стратегиялық мақсатын түсінуге ұмтылған оқырмандар үшін құнды дереккөз екенін атап өтті. Сондай-ақ Қытайдың халықаралық аренадағы ұстанымдары мен рөлін саралауға мүмкіндік береді. Туынды саясаттанушыларға, Азия елдерінің даму жолына қызығатын сарапшылар мен қытай тілін, мәдениетін әрі қоғамдық құрылымын зерттеушілерге арналған.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

- Өздеріңізге белгілі, Қытай – Қазақстан үшін сенімді дос, одақтас әрі стратегиялық серіктес. Екі ел арасындағы ғасырлар бойғы достық, өзара құрмет пен сенімге негізделген ынтымақтастық бүгінде барлық бағытта табысты дамып келеді. Мемлекеттеріміздің басшылары арасындағы өзара түсіністік пен жоғары деңгейдегі сенім екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына зор ықпал етіп отыр. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік – экономикалық даму, өңірлік қауіпсіздік пен мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз байланыстардың берік іргетасы. Тараптар екіжақты байланыстарды нығайтуға және халықаралық аренада өзекті міндеттерді шешуге ұмтыла отырып, ынтымақтастықты белсенді дамытып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz