RU
Толық нұсқаға өту

Астана мен Бейжіңде мәдени орталықтар ашылады

17.06.2025, 09:00 443

Ұлттық музейде «Жібек және Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты көрме ашылды.

Салтанатты рәсімге Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели бастаған делегациясы қатысты. Көрменің мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және туристік ынтымақтастықты нығайту, Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасын насихаттап, қытай жібек өнерінің дәстүрі мен сауда қатынасын көшілікке таныту. Іс-шара аясында мәдениет министрлерінің екі жақты кездесуі өтті. Тараптар мәдени диалогты нығайтуға бағытталған алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады. Айта кеткен жөн, жақында Астана мен Бейжің қалаларында екі елдің мәдени орталықтары ашылатын болады.

Майра Тұрсынқызы, экскурсия жүргізушісі:

- Цинь империясының императорының балалары ханзадасы киген жібек шапан - айдаһар шапанды көре аласыздар. Ол шапан түпнұсқада ұсынылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz