Петропавл қаласында акселерация апталығы басталды.
Шара аясында түрлі лекциялар, шеберлік сағаттары мен тәжірибелік сессиялар жоспарланған. Отандық және шетелдерден келген режиссер, суретші, медиа-менеджер, сценаристер тыңдаушыларға, кино және сериал түсірудің қыр-сырын түсіндірмек. Оқу мен тәжірибеге негізделген бағдарламаға 60-тан аса адам қатысады. Олар киноиндустрия саласындағы тың жаңалықтарға қанық болып, медиа кеңістікті қалай бағындыру керектігін үйреніп шығады. Сонымен қатар сарапшылар ұтқыр идеяны, қалай іске асыру керектігі жөнінде дәріс оқиды.
Әмір Қарақұлов, режиссёр:
- Бұл жерге өз ісінің нағыз шеберлері жиналды. Олардың әр дәрісі қызықты өтеді. Тыңдаушылар өзіне кино жайлы көп ақпарат ала алады. Сондықтан шараның мән - мазмұны өте зор. Қатысушылардың білімі бір деңгейге көтеріледі.
Тегтер #Петропавл #апталық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz