RU
Толық нұсқаға өту

Шебер қарындаштың ұшынан мүсін жасайды

26.06.2025, 09:33 477

Қарындаштың ұшын егеп, түрлі мүсін жасауға болады.

Мұндай мүсінді әрине көзбен көру де оңай емес, микроскоп керек. 

Елордалық Ермек Шайхитденов дәлі осындай мүсіндер жасайды. Қарындаштың миллиметрлік ұшын ойып кәдімгі бал арасы, гүл, ғимараттың кескінін түсірген. 

Мұндай микромүсін өнері әлемде өте сирек - саны онға да жетпейді. 

Әлемде қарындаштың ұшынан микромүсін жасайтын небәрі алты-ақ адам бар. Жетіншісі Қазақстанда. Қарапайым қарындаштың графитінен ол бүгінде 35-тен аса мүсін ойып шығарған. Бұл тек қолмен жасалатын емес, аса дәлдік пен төзімді талап ететін сирек өнер түрі. 

Ермек  Шайхитденов, шебер:

- Енді қарындашпен жұмыс істегенде менде сол бір жұмысқа 2 сағаттан көбірек уақыт кетеді. Бірақ бір күнде сенбі күні 16 сағат тұрмай 3 подделка істедім. Бірақ сол 3 подделканың ішінде біреуін сындырып алдым. Бірақ жақсы терлеп, ойлап, бірақ нәтижелеріме келдім. 

Алғашында бұл істі мүлде меңгере алмаған. Қарындаштың ұшы жиі сынып, сәтсіздіктерге де тап болған. Сол кезде жары кеңес беріп, шетелдік шеберлердің әлеуметтік желідегі бейнелерін көруді ұсынады. Осылайша күн сайын жаттыққан ұста өнерді өз бетімен үйреніп шыққан.

Малика Шайхитденова, шебердің қызы:

- Бір жағдаят болған бір қарындашы сынып қалды. Сосын көңіл-күйі болмай, мінезі жоқ деп үйде жүрген. Бірақ мінезін көтердік енді. Басқа не істейміз? Негізінен мен ең басынан әкемді қолдап жүрдім. Осы күнге дейін. Және келер күндер қолдаймын. Менің әкем туралы талантты, дарынды.  

Шебердің ерекше туындылары тек қарындашпен шектелмейді. Ол бос уақытында кәдімгі темір шегеден де мүсін жасайды. Кей туындыларынан қазақы ою-өрнектердің элементтері мен ұлттық нақышты байқауға болады. 

Ермек  Шайхитденов, шебер:

- Ең біріншіден, мақсатым денені жақсы жағынан ұстау. Сосын қол, қолдағы тамырлар, сосын сухожилие оларды жақсы ұстау. Көрдіңіз ба? Бір 3 минуттың ішінде мен қалай терледім.

Талант иесі болашақта елорда көркін ашқан зәулім ғимараттарды да қарындаштың ұшына түсіргісі келеді. Ол үшін қазірден бастап нобайын сызып, сызбаларын дайындап жүр. Оның айтуынша, миллиметрлік мүсін арқылы Астананың сәулетін әлемге танытуға болады.

Сержан Айтжан, Қанат Махмутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz