50-ден астам күйді меңгерген Ұлыбритания азаматы отандастарымызды Домбыра күнімен құттықтады. Сабина Мастерс бұған дейін күйеуінің жұмыс бабымен Атырау қаласында 6 жылдай тұрды. Сол кезде төл өнеріміз бен мәдениетімізге деген махаббаты оянып, ұлттық аспапты үйреніп алған.
Ол тіпті күйшілерге арналған екі байқауға қатысып, арнайы сыйлықпен марапатталды. Оған қоса өзінің жеке шығармашылық кешін де өткізді. Қазір Мастерс отбасымен туған жеріне оралды. Күйеуі мұнай саласының маманы. Бірақ ол да өнерден кенде емес. Виолончельде ойнайды, балалары да музыкалық мектепте оқыған. Ал үлкен ұлы опера әншісі.
Сабина туған жері Ұлыбританияға оралса да, Ұлы дала елін сағынышпен еске алады. Лондонда қазақ диаспорасы ұйымдастыратын іс-шаралардан қалмайды.
Сабина Мастерс, Ұлыбритания азаматы:
- Мен Құрманғазының бірнеше күйін: «Балбырауын», «Адай», «Алатауды» білемін. Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова және Қаршыға Ахмедияровтың да шығармаларын орындаймын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтағым келеді.
Тегтер #Ұлыбритания #Ұлттық домбыра күні #құттықтау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz