Қала күніне ұйымдастырылған кеште заманауи әндер шырқалып, танымал жұлдыздар өнер көрсетті, деп хабарлайды 24kz.
Жастар шығармашылығына басымдық берілді. Қала күні өткен мәдени іс-шарада қандай қызықтар болды?
Бекзат Аманов, тілші:
- Астана күні қарсаңында елордада 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Шаһар өнерпаздары қаланың әр тұсында тұрғындарға түрлі музыкалық қойылымдар ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай кештің бірі – «Қазақ елі» монументі алаңында өтті. Мұнда жас өнерпаздар шығармашылығына басымдық берілді.
Ақерке Жұманбаева, қалалық мәдениет басқармасы мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы:
- Мерекелеу шарасына Астана қаласының 14 мәдениет ұжымдары қатысты. Соның бірі – жастар сарайы. Яғни, барлық жас орындаушылар, Астананың жас орындаушылары осы концертте бой көрсететін болады. Және жұлдыздары да осы концертте бой көрсетеді.
Кешті тамашалауға келген тұрғындардың қарасы қалың. Оған қоса, Астана күніне арнайы келген қонақтар да жетерлік. Сүйікті әншілерінің өнерін тамашалған көрермен дән риза.
Блиц 1:
- Астана күні әрдайым осылай бола берсін. Мен Кентау қаласынан келіп тұрмын екі немереммен. Осыны көрейін деп келдім. Осындай жағдай жасағанына рахмет. Концерт өте тамаша.
Блиц 2:
- Концерт керемет болып жатыр. Бүкіл жиылған халықтың көңіл-күйі өте керемет. Осы Астана мерекесіне Қызылорда қаласынан келіп тұрмын. Біз бұл Астана мерекесін 1 ай пландадық. Билетті 1 ай бұрын алып қойдық.
Блиц 2:
- Астана болып жатқан концерттер көңілімізден шығып жатыр. Жылдан жылға Астанамыз көркейіп жатыр, өркендеп жатыр. Астана қаласында тұрып жатырмыз. Өте қуаныштымыз.
Кеш 3 сағатқа созылды. Жұлдыздар қарасы қалың. Хедлайнерлер қатарында Мирас Жүгінісов, Артур Давлетиров және Ерлан Қанатұлы бар. Концерт барысында әнмен бірге мәдени интерактивтер де ұйымдастырылды,
Авторлары: Бекзат Аманов, Жандос Битабаров
Тегтер #Астана #жастар #концерт #қала күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz