Испан басылымдары Димаш Құдайберген жайлы жарыса жазып жатыр.
Әнші жақында Испанияда өнер көрсеткен еді. Елдегі көне басылым «ЛаВос де Галисия» кезекті санын қазақ әншісіне арнап, әлемдік классика мен замануи музыканы шебер ұштастырды деп бағалады. «ЛаВос де Галисия» - Испанияның беделді ақпараттық басылымы. Бір жарым ғасыр бұрын негізі қаланған. Күнделікті онлайн форматын 400 мыңға жуық тұрғын оқиды. Кезекті санын Димаш Құдайбергеннің өнеріне арнап, оның Пласидо Доминго және Хосе Каррерас сынды аңыз тұлғалармен ән шырқағанын таңданыспен жазған. Осы күзде Димаш Барселона қаласында алғашқы жеке концертін береді. Бұл оның Еуропадағы “Stranger” турының бір бөлігі. Сондай-ақ әнші Лондон, Берлин және Ригада өнер көрсетуді жоспарлап отыр.
Йоланда Гарсия, сұхбат авторы, журналист:
- Бұл Димаштың испан тіліндегі басылымға берген алғашқы сұхбаты. Әнші туралы барынша жан-жақты ақпарат қамтығым келді. Алда өтетін концерт қарсаңында жанкүйерлерін әншінің өзімен жете таныстыруды көздедік.
Тегтер #Димаш Құдайберген #Испания #Сұхбат #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz