RU
Толық нұсқаға өту

Кішкентай модельдер Таиландтағы байқаудан жеңіспен оралды

17.07.2025, 20:49 741

Таиландта өткен ((«Teen Star International»)) Тин Стар Интернэшнл

халықаралық сұлулық байқауында қос қазақ қызы - Әдия мен Гауһар жүлделі екінші орынды қанжығаларына байлады. 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқау, әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас модельдер бас қосатын беделді жобалардың бірі. Биылғы сайысқа 16 елден үміткер жиналған. Әр қатысушы түрлі аталым бойынша сынға түсті. Алматылық Әдия қос бірдей аталымда топ жарса, Гауһар Мекебай «Мисс талант» атағын иеленді. Кішкентай арулар жаһандық сахнада өздерін сенімді ұстап, сұлулықпен қатар тәрбиелі болмысты паш етті. Ұлттық киім үлгісін танытып, өнерімен ерекшеленген қазақ қыздары халықаралық қазылардың да, көрерменнің де ыстық ықыласына бөленді.

Әлия Айтымбетова, Гауһардың анасы:

- Екінші орынмен келдік. Ризамыз, қалай біз қуандық, басқа елдердің балалары  – қыздары, номинация алып жатқан кезде, сол сияқты бізге де сол басқа елдердің адамдары өте қатты қуанды. Филиппин, Непал, Австралия, Индонезия нешебір қалалар білді деп ойлаймын бізді. Өзіміздің көк туымызды көтеріп, желбіретіп келдік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz