RU
Толық нұсқаға өту

«Қазақфильмге» қолдау күшейеді

22.07.2025, 17:40 481

«Қазақфильмге» қолдау күшейеді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, енді киностудия жыл сайын кино саласына бөлінетін қаржының кемінде 30%-ін иеленеді.

Сондай-ақ жобаларды іріктеу процесі ашық әрі әділ өтпек. Іріктеу талаптары қайта қаралып, қаржы тек кәсіби бағалаудан өткен фильмдерге ғана бөлінеді. Бүгінде «Қазақфильм» шетелде ұлттық кино күндері мен фестивальдерді ұйымдастырып, халықаралық аренада өз өнімдерін дамытуды жолға қойған. Десе де министр студияны басқарудың тиімділігін арттыру керектігін алға тартты. «Жас режиссерлердің қатарын көбейтіп, маңызды жобаларға басымдық беріледі», – деді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz