Бүгін Түркістанда Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» апталығы басталды, деп хабарлайды 24kz.
Алғашқы күні кітапхана ұжымы ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығы жайында оқымандарға әсерлі кеш сыйлады. Бір ерекшелігі, онда Абай бейнесіндегі жүргізуші ақынның өлеңдері мен қара сөздері негізінде, оқырмандарға ой сала отырып кешті өзі жүргізді. Апталық барысында «Абайдың ақындық әлемі» атты алқалы жиын, «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» тақырыбында ғылыми конференция өтеді. «Мен бір жұмбақ адаммын», «Әнді сүйсең, менше сүй», «Абай әлемі – руханияттың алтын діңгегі» атты оқырмандармен семинар өткізу жоспарланған.
Хазіретәлі Тұрсын, тарих ғылымдарының докторы:
- Уақыт өзгерді, заман өзгерді, білім беру технологиясы өзгерді. Осыған сәйкес, біз Абайды насихаттаудың да жаңа формаларын, әдіс-тәсілдерін іздестіруіміз керек. Абайдың өнегесіне, оның шығармашылық, рухани мұрасына деген сұраныс бар. Сол сұранысты біз қалай қанағаттандыруымыз керек? Осыны балабақшадан университетке дейінгі аралықта жақсы бір жолын тауып, қалыптастыруымыз керек.
Рысбек Ермекұлы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры:
- «Әуенді такси» деген креативті жобаларымыз бар. Негізі біз балалар кітапханасы болғандықтан балаларды көп қамтимыз. «Әуенді такси» көшеде такси тосқан адамдарды жететін жеріне тегін жеткізіп, жолда Абайдың өлеңдері мен шығармаларын сұрайтын боламыз. Дұрыс жауап бергендерге Абай Құнанбайұлының кітаптарын сыйлыққа беретін боламыз.
Тегтер #Түркістан #Абайдың 180 жылдығы #оқырмандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz