Абайдың «Толық адам» ілімі – руханият төріндегі биік тұғыр. Бұл ілім тағы бір терең зерттеумен толықты.
Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы ақынның 180 жылдығына арналған тағылымды шара өтті. Жиында абайтанушы Жабал Шойынбеттің «Абайдың толық адам ілімінің негіздері» атты кітабының тұсауы кесілді. Ғылыми еңбек хәкім Абайдың ар, ақыл, әділет секілді асыл ұғымдарын қазіргі заман биігінен саралап, адамзатқа ортақ рухани бағдар ұсынады. Шара аясында «Абай дана, Абай дара қазақта» атты республикалық мүшәйра жеңімпаздары марапатталып, жас ақындардың «Ұлы Абаймен үндесу» жыр жинағы да көпшілікке жол тартты.
Жабал Шойынбет, абайтанушы ғалым:
- Қазір адам баласы мынау материалдық құндылықтан ең жоғарғы шыңға жетті. Ал бірақ рухани жағынан азғындауда. Міне, осыған бүкіл әлемнің зиялы ғалымдары адам баласы қайтсек осыдан құтылады деп ілім іздеп жатыр. Сондықтан «Толық адам» ілімі Абайдың, қазақтың ғана ілімі емес, бүкіл адамзатқа қажетті ілім деп ойлаймын.
Тегтер #Абайдың 180 жылдығы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz