Грузия астанасында халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын еске алды.
Шара Тбилисидегі Абай ескерткіші алдында болды. Жиналған жұрт ойшыл ақынның өмірі мен шығармашылығының маңызын талқылады. Ізгілік пен бірлік жөніндегі өлеңдері оқылды. Қатысушылар Абай поэзиясы мен философиясын қазақ халқының рухани жаңғыруының символы деп бағалады. Сондай-ақ оның идеялары ғасырлар бойы мәдениеттер мен халықтарды біріктіретінін жеткізді.
Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшесі:
- Бүкіл әлемге өсиет болып қалған: “Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба. Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз”. Халыққа, жастарға бәріне үлкен ғанибет, үлкен тірек болсын деп Грузияның астанасы Тбилисинің төрінде Абайдың ескерткішінің жанында айтып тұрғаным осы жастарға бәріне ақыл, тірек болсын.
Ираклий Какабадзе, ҚР Грузиядағы Құрметті консулы:
- Абайдың даналық сөздері күллі әлем халқы үшін өте маңызды және құндылығын ешқашан жоғалтпақ емес. Ол “Адамды сүй, дос бол, әділ бол” деп өсиет қалдырған. Бұл сөздер бүгін де өзекті. Грузиндер мен қазақтар достығы ажырамаған елдер. Екі жақты мәдени және экономикалық байланыстар жақсы дамып отыр.
Тегтер #Тбилиси #Абайдың 180 жылдығы #Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz