Алдағы аптада елордада дәстүрлі халықаралық IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі өтеді, деп хабарлайды 24kz.
Оған 130-дан астам елден 4000-ға жуық делегат қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұл кітапхана ісі бойынша әлемдегі ең ауқымды іс-шара болып саналады. Конференция қарсаңында бүгін шетелден келген сала мамандарымен кездесу өтті. Жиында кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері талқыланды. Оқырманды тарту, инклюзивті орта құру аясында тәжірибе алмасты. Мамандар цифрландыру саласындағы соңғы жаңалықтармен де бөлісті. Қазіргі таңда елімізде 80 мыңнан астам кітап электронды нұсқаға ауыстырылған.
Күміс Сейітова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:
- Бұл жерде кәсіби деңгейімізді шетелден келген қонақтарымызбен көтереміз деп ойлаймыз. Бұл әрине, тәжірбие алмасу, біздің кітапханашылар мен шетелдік әріптестеріміз өздерінің тәжірбиелерін айтып бөліседі. Баяндама жасап, соны ары қарай талқылаймыз.
Тегтер #Астана #тәжірибе алмасуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz