«Әулиеата кітапханасы» деп аталған бағдарлама жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттауға арналған, деп хабарлайды 24kz.
Оқырман ұялы телефонына жүктеп, кез келген уақытта интернетсіз электронды кітаптарды оқи алады. Пікір қалдырып, әдеби ортада ой алмасуға да болады. Әзірге қосымшада 26 ақын-жазушының еңбегі енгізілген. Алдағы уақытта электронды қор жаңа кітаптармен толықтырылады.
Эльмира Абдинова, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры:
- «Әулиеата – кітап оқитын өңір» атты кітап акциясы бастау алды ғой. Сол акция аясында, сонымен қатар жастарды оқуға тарту мақсатында. Өйткені қазіргі уақытта өздеріңіз білесіздер, жастарымыздың көбісі мынау смартфонда планшеттермен жүреді ғой. Сол себепті оқуға тарту мақсатында жасалынған дүние.
Нұржан Қадірәлі, журналист:
- Қазіргі нарық заманында білесіздер, кітаптар шектеулі шығады. Ары кетсе 1000 дана, 2000 дана. Барлығына бірдей бере алмайсың. Сондықтан цифрлы форматтағы бұл бағдарламаның тиімділігі мол. Кез-келген оқырманға, кез-келген өңірдегі қаламдас әріптестерің сұрап жатса да, міне осы бағдарламаны жүктеп алып оқи берсеңіздер болады деп айтуға болады.
Тегтер #Жамбыл облысы #кітапханашылар #мобильді қосымшаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz