Алматы облысының Шонжы ауылында «Тіл – татулық тірегі» атты фестиваль өтті.
Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысты. Жарты жылға созылған фестиваль қорытындалып, үздік тіл жанашырлары марапатталды.
Алматы облысының Ұйғыр ауданында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық тіл фестивалі өтті. Салтанатты жиында тіл саясатын дамытуға үлес қосқан азаматтарға ҚР Оқу-ағарту және Жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
Құндыз Сабырбай, Ұйғыр ауданы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы:
- 14 ауылдық округте белгіленген жоспарға сәйкес мемлекеттік тілді дамытуда “Тіл тазалығын сақтайық” акциялары өткізілді. Жалпы бұл тіл мерекесі бүгінгі 1 күндік қана мереке емес. Ол жыл басынан басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін 47 шараны өткізіп отырмыз.
Фестивальдің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту. Шара 28 наурызда басталып, облыстың 9 ауданын және 2 қаласын қамтыды. Фестивальге 5 мыңнан астам көрермен қатысты. Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, соңғы жылдары қазақ тілін үйренгісі келетіндер саны айтарлықтай артқан.
Айбол Нүсіпқожаев, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:
- Алматы облыстық оқу-әдістемелік орталығы жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 70-ке жуық қызметкерлер жұмыс жасайды. Ол әр ауданда филиалдары ашылған. 2024 жылы 2000 астам тыңдалым болса, биылғы жылы 3000 аса тыңдалым болып отыр.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш соңында Алаш зиялыларына арналған қойылым көрсетілді. Әкімдік ақпараты бойынша бүгінде Алматы облысы халқының 90 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгерген. Ал мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарының 96 пайызы қазақ тілінде жүргізіледі.
Гүлім Советқан, Аят Дуйсембай
Тегтер #Алматы облысы #тіл мерекесі #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz