RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Шәкәрім» музыкалық драмасы сахналанды

19.09.2025, 23:33 673

Астанада Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасына арналған жаңа қойылымның премьерасы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Ермек Аманшаевтың «Шәкәрім» атты музыкалық драмасы ұлы ойшылдың тағдырын, рухани ізденістерін және азаматтық ұстанымын арқау етеді. Туындыда   ақынның ақтаңдақ кезеңдерді бастан өткерген тағдыры, әділет пен махаббатқа деген көзқарасы, өміріндегі драмалық оқиғалар суреттелген. Қойылым бірнеше сахналық көріністерден тұрады. Шәкәрім мен оның қоршаған ортасындағы кейіпкерлердің болмысы кеңінен ашылады. Әсіресе, Абай Құнанбайұлымен рухани байланысы, оның ағалық қамқорлығы суреттелген.

Асхат Маемиров, Астана қаласы музыкалық Жас көрермен театрының директоры:

- Болашақта жоспарымызда Шәкәрім меніңше, Қазақстан қалаларын аралауы керек. Семейге барғымыз келеді, Шәкәрімнің туған топырағына. Сондықтан меніңше, Алматыда міндетті түрде Шәкәрім көрсетілуі керек.

Ермек Аманшаев, жазушы, драматург:

- Аса ауыр кезеңдегі тұлғамыз ғой Шәкәрім, рухани абызымыз. Жастар театры осы шығарманы алып, оның бүкіл рухани мұрасы шығармалары соның терең иірімдеріне барып, барлығын игеріп, сахнага шығарып, көрерменге ұсынайын деп отыр. Менің ойымша, осы қойылымның басты қасиеті де, ерекшелігі де осында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz