Бала күнінен тапқырлығымен танылған ойшыл жыраудың өмірі мен мұрасы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды, деп хабарлайды 24kz.
Мерейтой аясында ұлттық спорт түрлерінен байрақты додалар, жыр және мүшәйра байқаулары да өтті. Мыңжылдықты болжаған толғаулары – Мөңке бидің басты шығармаларының бірі. Дала кемеңгерінің болжамдары мен мұрасы кейін Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мәшһүр Жүсіп пен Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығында орын тапқан.
Бауыржан Жақып, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:
- Сәуегейлігі, әулиелігі, көріпкелдігі, болжампаздығы бұл бұрын болмаған дүние. Үлкен таңғажайып құбылыс деп айтуға болады. 300 жыл бұрын болжап кеткен. Мәселен, «Өреден темір тартылар» темір жолдың ашылатынын жүз жыл бұрын болжап кеткен. 150 жыл бұрын электр энергиясын «күндіз -түні жарық болады», 200 жыл бұрын мына атом бомбасының болатындығын болжап кеткен. Қазіргі ракеталарды болжап кеткен. Міне, осының барлығы бұл кісінің үлкен әулиелігін көрсетеді.
Тегтер #Ақтөбе облысы #конференцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz