RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекеттік архив саласына жасанды интеллект енгізіліп жатыр

25.09.2025, 07:37 405

Жасанды интеллект ескі құжаттарды танып-білуге көмектеседі, деп хабарлайды 24kz.

Елорданың мемлекеттік архиві нейрожелілерді қолдануға ден қойды. Сонымен қатар қордағы деректер жаппай цифрлық жүйеге көшіріле бастады. Отандық мамандардың бұл бастамасы енді көрші елдердің қызығушылығын тудырып отыр.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Бұл мұрағатта 700-ден астам мекеменің дерек қоры сақтаулы. Әрқайсысы тарихтың бір парағы. Қазір құжаттардың 20%-і цифрландырылған. Тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.

Қала тарихына қатысты құжаттар 1915 жылдан бергі кезеңді қамтиды. Алдымен реставрация талап ететін және ең көп сұранысқа ие қағаздар цифрлық жүйеге көшірілді. Оның ішінде Ақмола уездік атқару комитетінің құжаттары бар.

Жангелді Бимолдин, қалалық мемлекеттік архивтің директоры:

- Кеңестік кезеңнің келуі, ауылдардың қайта құрылуы, колхоздандыру, аштыққа байланысты көп құжаттар бар. Бұл сонымен құнды. Өйткені осы өңірге байланысты тарихымызға қажет деген құжаттардан осыны айтар едім.

1915-1940 жылдар арылығында құжаттардың көбі араб қарпімен жазылған. Әрі әбден ескірген. Ал оның бәрін танып-білетін маман тапшы. Зерттеу жұмыстарын жеңілдету үшін енді жасанды интеллект қолданылғалы жатыр.

Жангелді Бимолдин, қалалық мемлекеттік архивтің директоры:

- Ақпараттық портал жасап жатыр. Осыны аяқтағаннан кейін архивтер алатын болады. Кеше сондай келісімге келдік. Бұл, әрине, жұмысымызды жеңілдетеді. Олардың қойған ең басты мақсаты ескі араб графикасымен жазылған қазақ тілінде құжаттарды танып-білу. Соның презентациясын көрсетті. Өте керемет болар еді.

Саладағы бұл жаңашылдықтар шетелдік мамандардың қызығушылығын тудырды. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден келген мамандар отандық кадрлармен өзара тәжірибе алмасып жатыр.

Мамат Момунов, Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры:

- Біз цифрландыру бойынша біраз артта қалыппыз. Не керек екенін көрдік. Бұйырса, біз соны пайдаланып, елге қызмет қылғанға жәрдем береді деп ойлаймыз.

Ескі құжаттардың цифрлық нұсқасы мекеменің ресми сайтында қолжетімді болады. Яғни, зерттеушілер енді қаз-қатар тізілген сөрелерден том-том құжаттарды ақтарып, уақыт жоғалтпайды.

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Диас Қобылайбай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz