RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда «Жабайы» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

25.09.2025, 14:38 415

Адам мен ит арасындағы достық қандай болады? Балаларға арналған толықметражды «Жабайы» фильмінде осы туралы қозғалады, деп хабарлайды 24kz.

Кинокартинананың жабық көрсетілімі Алматыда өтті. Жаңа туындыны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «San Tyres» студиясы бірлесіп түсірген. Фильмнің желісі Қазбек есімді баланың төңірегінде өрбиді. Оны қатарластары шеттетіп, мазақ етіп, ойынға қоспай қояды. Сөйтіп, ол жалғыз жүреді. Қазбектің өмірін көшеде иесіз қалған ит өзгертеді. Итін Жабайы деп атайды. Ол оны қорғаймын деп көршісінің қыңыр мінезіне, атақ қуған блогерге, тіпті қатыгез ит аулаушыларға қарсы тұрады. Осылай шынайы достықтың қандай болатынын дәлелдейді. Фильм режиссері Дәмір Әбілхановтың айтуынша, «Жабайы» тек балаларға емес, ата-аналарға да ой салатын туынды. Картинаны отбасы болып көруге болады. Туынды бүгіннен бастап ел кинотеатрларында көрсетіледі.

Дәмір Әбілханов, «Жабайы» фильмінің режиссёрі:

- Бұл осы жаңа Қазақстан тарихындағы алғашқы ит пен адамның достығы туралы фильм. Бұның алдында Көксерек болған. Адам мен иттің арасындағы достықтың қандай формада екендігін көрсететін фильм. Жаңа ұрпақ, жаңа балаларды сондай мейірімділікке, жақсылыққа үйрететін фильм.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz