Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева Париждегі іс-сапары аясында Францияның мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті.
Келіссөз барысында тараптар алдағы жоспарлар мен екі ел арасындағы мәдени байланысты одан ары нығайту жайын талқылады. Министрлер қос мемлекет басшыларының сапары екі жақты мәдени байланыстарға тың серпін беріп, жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Аида Балаева ғылыми-зерттеу саласындағы серіктестікті күшейту мен қазақстандық мамандардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ киноөндіріс саласындағы бірлескен жобаларды дамытып, мультипликация мен балаларға арналған контенттер жасауға шақырды. Қос министр мәдени салада біліктілікті жетілдіру мен техникалық бағыттарда мамандарды оқыту бойынша ынтымақтасуға уағдаласты. Әсіресе дыбыс операторы, техникалық суретші сияқты тапшы мамандарды даярлауға көңіл бөлінбек. Ал Рашида Дати өз кезегінде Қазақстанның мәдени және тарихи мұраларды сақтауда қолға алған іс-шараларының маңыздылығын атап өтіп, екі елдің мәдени мекемелері арасында ықпалдастықты кеңейтуге әзірлігін білдірді.
Тегтер #Аида Балаева #Франция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz