RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда он мыңға жуық жәдігер табылды

25.09.2025, 23:47 418

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістандағы "Күлтөбе" қалашығына барып, тарихи нысанның қазіргі жағдайымен танысты.

Мұнда 2019-2021 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, 10 мыңға жуық түрлі жәдігер топырақ астынан аршып алынды. Аспан астындағы тарихи нысанды қираудан сақтау үшін төбесі заманауи шатырмен жабылды. Қазір туристерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек 3 жылдан бері Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде де зерттеу мен зерделеу жұмыстары жасалды. Ғалымдар вице-премьерге ауқымды жоба жайында баяндап, биыл зерттеу қорытындысы дайын болатынын жеткізді.

Бауыржан Байсалбаев, "Қазқайтажаңғырту" РМК Түркістан филиалының директоры:

- Осы кезге дейінгі жасалған зерттеулер туралы айта кететін болсақ, ботаникалық, геологиялық, гидрогеология, ауа райы, сейсмология, ғылыми институттар қосылып, барлығы зерттеулер жасады. Биыл соңғы 3-жыл. Соңғы жылда барлық зерттеулердің шешімдері, бағыттары біріктіріліп, шешім шығаратын жыл. Қазір зерттеулер біткен жоқ, әлі де жүріп жатыр. Алдағы уақытта жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz