RU
Толық нұсқаға өту

«Агент & Ирбис» фильмі көрерменге жол тартты

28.09.2025, 15:15 482

Отандық кинематография тағы бір тың туындымен толықты, деп хабарлайды 24kz.

«Агент және Ирбис» атты қазақстандық экшн-фильм 25 қыркүйектен қалың көрерменге жол тартты. Шынайы қақтығыстар, қым-қуыт сахналар, адалдық пен сатқындық сынды қасиеттер тоғысқан оқиға көрерменді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Фильмнің оқиғасы арнайы агенттің Қазақстанға оралуынан басталады. Оның басты міндеті – қауіпті есірткі жасап жатқан халықаралық қылмыскерді тоқтату. Бірақ миссияның ойдағыдай өрбуіне талай кедергі кезігеді. Сценарий авторлары мұны қиялдан ғана құрастырған жоқ. Шынайы өмірден алынған деректерден шабыттанған.

Бауыржан Әбішев, «Агент & Ирбис» фильмінің режиссері:

- Негізі достарымның арасында естіген оқиға бар. Екі қызметкердің бірге үйленіп, отбасы құрғаны және де осы салада жұмыс істегені. Сол идеяны алып, біз ары қарай киноға дамытып, көрерменге қызықты болсын деп кішкене өзімізден қостық. Бірінші кино. Алғашқы дубль. Сондықтан маған бұл жаңағы экшн болғандықтан, жақындау болды. Бірақ сонда да өзінің қиыншылықтары болды.

Басты рөлді сомдаған Айжан – таэквондодан қара белбеу иегері. Фильмге дайындық барысында ол Лос-Анджелесте әйгілі режиссер Чад Стахелскидің жетекшілігімен жаттығып, каскадерлік трюктерді меңгерген. Соның арқасында экрандағы күрес сахналары шынайы әрі кәсіби деңгейде шықты.

Айжан Лайджи, актриса:

- Шынымды айтсам, бүкіл жоба өте жеңіл өтті деуге болады. Қиын сәттер де болды. Әсіресе, ұзақ жекпе-жек сахналарынан кейін қатты шаршайсың. Бірақ соған қарамастан бүкіл жоба өте жеңіл өтті деуге болады.

Фильм Ішкі Істер министрлігінің тапсырысымен түсірілген. Сондай-ақ ол Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттарына да көрсетілді. «Агент және Ирбис» тартысқа толы оқиға ғана емес, тәртіп сақшыларының жауапты қызметін кеңінен ашып көрсететін туынды.

Авторлары: Алуа Ералықызы, Мұхит Құдықбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz