Ақтауда «Қорқыт ата» кинофестивалі шымылдығын түрді. Фестиваль халықаралық «Түрксой» ұйымының бастамасымен ұйымдастырылды.
Оған Түркия, Мажарстан, Әзербайжан, қырғыз-түркімен және Қазақстанның ұлттық кино компаниялары және есімі әлемге танымал әртістер қатысады. Маңғыстау жеріндегі ауқымды шара бес күн бойы жалғасады.
Кинофестиваль тақырыбы «Маңғыстау жүрегінен түркі әлемінің жүрегіне" деп аталады. Осылайша биыл түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Ақтау кинематографтардың жаңа орталығына да айналды. Шараға алғаш рет Мажар елінен киноөнердің мамандары келді.
Нұртас Сали, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
- Маңғыстауда жалпы тұңғыщш рет кинофестивальдің өтіп жатқаны. Бұл фестивальдің аясында 50-ге жуық конкурс аясындағы және конкурстан тыс фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылады. Сонымен бірге, алыстан келген қонақтарға Маңғыстаудың әдемі, көрікті жерлеріне арнайы туристік бағдарламалар ұйымдастырылады.
Фестиваль бағдарламасына мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген туындылар енді. Тізімде қазақстандық режиссер Думан Еркімбектің толық метражды "Qaitadan" фильмі де бар.
Думан Еркімбек, режиссёр:
- Өте қатты қуанып отырмын. Өйткені осныдай фестивальдер үлкен көмек береді киноға, киноның дамуына. Жалпы түркі елдері бірімен бірінің мәдени байланысы өте жақсы елдер ғой. Сондықтан олардың бір-бірімен осылай фильмдерін көріп, тәжірибе бөлісуі керемет жетістік деп ойлаймын өз басым.
Мәдени шараның шымылдығы "Достық" үйінде түрілді. Қызыл кілемнің үстімен отандық жұлдыздармен қатар шетелдік кино майталмандары да жүріп өтті. Ертең киносаммит өтіп, киносүйер қауым белгілі актер-режиссерлермен еркін форматта пікір алмасады. 4 қазанда фестивальдің жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар бес аталым бойынша марапатталады. Бұған қоса Түрксой ұйымы арнайы сыйлығын тапсырады.
Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев
Тегтер #Ақтау #Қорқыт ата #кинофестиваль #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz