RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда «Қорқыт ата» кинофестивалі жалғасып жатыр

03.10.2025, 11:30 383

Ақтауда «Қорқыт ата» кинофестивалі жалғасып жатыр.

Халықаралық шара бағдарламасына 50-ге жуық фильм енді. Конкурс аясындағы және конкурстан тыс кинотуындылардың көрсетілімі үш бірдей мәдени орталықта өтіп жатыр.

Бүгін өзіңіз тамашалаған кинотуынды қай жанрда болды? Көрсетілімнен қандай әсер алдыңыз?

Талғат Исламұлы, тілші: 

- Армысыздар. Біз қазір “Достық” үйіндеміз. Мұндағы концерт залы кешелі бері кинозалға айналды. Таңғы сағат 9-дан бері қазақстандық “Заказ” картинасы мен түріктің “Вавамин Аркадаси” фильмін тамашаладық. Үлкен экранда әрі сапалы дыбыс үйлесімін тапқан кинотуындылар көрерменге зор әсер етті. Қазір көршілес залда режиссер Әлішер Утевпен сұрақ-жауап сессиясы өтіп жатыр. Көпшілік қазақ киноиндустриясында өзіндік қолтаңбасы бар режиссермен еркін форматта тілдесуге мүмкіндік алды. Айта кетсек, кинофестиваль бағдарламасын халықаралық қазылар алқасы саралайды. Оған қазақ киноөнерінің кәсіби маманы Айдын Сақаман төрағалық етеді. Ендігі кезек осы азаматтың пікірін тыңдайық.

Айдын Сақаман, кинорежиссер /Қазақстан/:

Талғат Исламұлы, тілші:

- Киносүйер қауым “Қорқыт ата” кинофестивалі бағдарламасына енген өзге де картиналарды Абай атындағы мәдениет сарайы және облыстық музыкалық-драматеатр залынан тамашалай алады. Біз тұрған “Достық” үйінде кешкі сағат 19.00-ге әзербайжан, өзбек, қырғыз және қазақстандық кинофильмдер көрсетіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz