RU
Толық нұсқаға өту

Түркі елдерінің музей саласындағы әріптестігі артады

11.09.2025, 18:09 141

Түркі елдерінің музей қорлары өзара тәжірибе алмасып, біріккен жобалар жасауға келісті, деп хабарлайды 24kz.

Ташкентте өткен халықаралық конференцияда саладағы жаңашылдықтар мен мәдени мұраларды әлемдік деңгейде насихаттаудың жолдары қаралды. Қазақстан деллегациясы музей саласын цифрландырудағы тәжірибесін ортаға салды.

Қазақстанда музей қорлары цифрлық форматқа көшкен. Соның арқасында мәдени мұраларды әлемдік деңгейде насихаттауға жол ашылды. Ендігі қадам жасанды интелектің көмегіне жүгіну. Ол жағынан да ілгерілеу бар. Бірнеше жоба қолға алынған. Саладағы жаңашылдықтарды шетелдік мамандар жоғары бағалап, тәжірибені қолдануға қызығушылық білдірді.

Рашида Харипова, тарих ғылымдары бойынша философия PHD докторы:

- Қазақтың киіз үйін қазіргі жастарды музей саласына тартуға және оны түрлі деңгейде көруді жасанды интеллектінің көмегімен жасай аламыз. Мысалы батырдың киіз үйі қандай болғанын, оның жабдықтары қандай болды, осының барлығын жасанды интеллектің көмегімен дәлелдеп көрсете аламыз.

Халықаралық конференцияға Конрад Аденауэр атындағы қордың Орталық Азия бойынша өкілдері де қатысты. Олар әлем музейлерінің қазіргі жағдайын айтып, жаңашылдыққа ұмтылған елдердің бастамасына оң бағасын берді.

Мира Мадемханова, Әзербайжан Ұлттық музейі директорының орынбасары:

- Қазір музейлер жаңашылдыққа құмар. Заман талабы сондай болып кетті. Әсіресе, мультимедиялық бағдарламаларды енгізуге тырысады. Мәселен біз музейге жастарды көптеп тартуға тырысамыз. Мектеп оқушыларына өткен тарихты насихаттаймыз. Әрине, бауырлас елдер арасындағы байланыстарды бекемдеуде осындай коференциялардың берері мол. Бір бірімізден музей саласындағы жаңашылдықтарды естіп, тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік.

Музей өткенді сақтап, жәдігерлерді өскелең ұрпаққа насихаттау ғана емес, қазіргі мұражайлар жаңашылдықтың жаршысы болуы тиіс. Халықаралық конференция қатысушыларының ортақ ойы осыған саяды.

Авторы: Дулат Нуркин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz