RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда «Жанарымдағы жарық күн» атты көрме ашылды

04.10.2025, 14:16 452

Павлодардағы облыстық көркемсурет музейінде «Жанарымдағы жарық күн» атты көрме ашылды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жоба Президенттің инклюзивті қоғам құру туралы тапсырмасына орай жүзеге асты. Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен суретші Ренат Елубаев зағип жандарға бейнелеу өнерін үйретті. Шеберлік сабағына қатысқан жандардың қолынан шыққан 34 туынды көрмеге қойылды.Суреттерде авторлардың ішкі жан дүниесі, арманы мен өмірге деген көзқарасы көрініс тапқан. Ұзақ жыл ұстаздық еткен Бақытжамал Данкинаның айтуынша, адамның мүгедектігі толыққанды өмір сүруге кедергі емес. Бастысы, жанның тазалығы мен ерік-жігердің мықтылығы.

Бақытжамал Данкина, зейнеткер:

- Өзіме ашқан жаңалығым – ол бояулар үйлесімі. Мен ешқашан білген жоқпын, бір-екі бояуды бір-бірімен аластырсаң, тіпті басқа түс шығады екен. Сол маған өте қызық болды. Сары, қызыл, жасыл, қара түстерді білеміз. Ал енді бір-біріне араластырғанда, сонда түс шығатыны. Мен таңғалдым, мына бір көзім көрмейді, бір көзім жартылай көреді, сонда да анда жарты көзім шығып кете ме деп қорқып отырдым таңғалғаннан.

Ренат Елубаев, суретші:

- Түстердің әсемдігімен көпшілікке махаббат, сұлулық сыйлайды. Сондықтан бұл жерде елге қажетті дүниелер өте көп және де мәдениетіміздің дамуына өте көп септігін тигізеді және де бұларды өзінің қоршаған ортадан тасада тыс қалып қойған сияқты соны кішкене қоғамға, әлеуметтік ортаға тартып, олардың да өмірлеріне бір шуақ сыйлау мақсатында жасалып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz