RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдік киноиндустрия өкілдерімен меморандумға қол қойылды

04.10.2025, 20:00 408

Ақтауда түркітілдес мемлекеттердің киноөнер шеберлері бас қосты.

Тараптар бірлескен кинофильмдерді түсіру, сол арқылы түркі әлеміне ортақ құндылықтарды әлемге дәріптеу жөнінде пікір алмасты. Алқалы жиынға бауырлас Әзербайжан, Түркіменстан, қырғыз-өзбек және Мажарстанның киноиндустрия мамандары қатысты. Өткен тәулікте шетелдік делегаттар еліміздегі ұлттық киноны қолдау орталығымен әріптестік меморандумға қол қойды. Бүгін Қазақстан мен Түркия киноөндірісі бағытында жұмыла әрекет етуге уағдаласты.

Құрманбек Жұмағали, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы:

- Біз бұл құжатта тек қана мәдениет, кино саласы деп жалпы айтып жатқан жоқпыз. Әр елмен жеке-жеке жобаларын бекітіп жатырмыз. Бір айдың ішінде жұмыс тобы құрылады, арнайы тақырыптарды бекітіп жариялайтын боламыз.

Бирол Гювен, Түркия Республикасы мәдениет және туризм министрлігі кино бас басқармасының бас директоры:

- Біздің ортақ дәстүріміз, тарихымыз бар. Бір мүддеге жұмылып түркі әлемінің бай мәдениетін, салт-дәстүрін, бауырлас елдердің көрнекті жерлерін киноөнері арқылы әлемге жариялауды ортақ міндет деп түсінеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz