«Мәдениет арқылы бірлік». Осындай атаумен Оңтүстік Кореяда Орталық Азия елдерінің күндері өтті.
Қазақ, қырғыз, тәжік және өзбек өнерпаздары Кванджу және Сеул қалаларында өнер көрсетті. Еліміздің атынан Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері Ержан Әлімбетов пен Мақпал Қазыбекқызы қатысты. Олар халық күйлері мен әндерін орындады. Өнерпаздардың гастрольдік сапары Кореяның алғыс айту күні мейрамымен тұспа-тұс келді.
Ержан Әлімбетов, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармония солисі:
- Барынша осы ұнайды ау деген мысалы Нұрғиса аталарымыздың немесе халық күйлерін сосын сол секілді құлаққа жағымды әуені бар кәдімгідей сазды күйлерді таңдауға тырыстық. Қазақ домбырасы бір тындағаннан ту шіркін осындай ма едә сияқты әсер қалдыратындай дегендей өз ойымдағы күйлерді тарттым.
Мақпал Қазыбекқызы, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармония солисі:
- Сахнада жүрген үлкен классикалық әндерді таңдадым. Танымал сазды әуені ерекше әдемі сондай әндерді таңдап айттым. Өзіміздің тілде сөйлесек те өзіміздің әнді айтсақ та халықтың түсінігі сол эмоция арқылы ән әуіз арқылы бәрін түсінді, не айтып тұрмыз не айтқымыз келіп тұр деген сияқты.
Тегтер #корея #Орталық Азия #24KZ #қазақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz