RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда мәдениет майталмандары марапатталды

25.10.2025, 17:21 710

Алматыда Республика күніне орай 60-қа жуық адам мемлекеттік наградаға ие болды. Салтанатты шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, елдің дамуына үлес қосқан мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, архив және кітапхана ісінің үзіктеріне мемлекеттік награданы табыстады. 

Атап айтсақ, күйші Шәміл Әбілтай, ақын Иран-Ғайып Оразбаев және Мұрат Серкебаев бастаған мәдениет қайраткерлері ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Ал Гүлжамал Қазақбаева мен Рахилям Машурова «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды. Сонымен қатар 22 адам «Парасат» және «Құрмет» орденін тақты. Ақын, драматург Иран-Ғайып Әбітайұлы алғысын өлең жолдарымен білдірді.

Одан бөлек мәдениет, ақпарат және кітапхана, мұрағат саласына еңбегі сіңген жандарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы табысталды. Еңбегі еленген марапат иегерлері Президентке алғыс білдірді.

Шәміл Әбілтай, күйші, ІІ дәрежелі "Барыс" орденінің иегері:

- Бүкіл елдің бірлігін сақтап, мәдениетіміздің, рухымыздың өркендеуіне үлес қосқан біздің қазіргі Президентімізге, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа зор рақмет айтқым келеді.

Гүлжамал Қазақбаева, актриса, Қазақстанның халық әртісі:

- Еліміздің ең мәртебелі мерекесі Республика күні құтты болсын! Қазақ елін керемет мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектің бағалануы бізді одан әрі қарай шабытымызға шабыт қосып, қуанымызға қуаныш қосып, еңбек ете беруімізге сондай әсерін тигізеді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz