Мемлекет басшысы Финляндия президентімен Ұлттық музейге барды.
Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стуббке ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды. Президенттер Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #Финляндия #көрме #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz