RU
Толық нұсқаға өту

Amanat партиясы ерекше сапарды еңсерген ерлі-зайыптыларды құттықтады

31.10.2025, 00:00 229

Қуатбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы 74 күн бойы атпен екі жарым мың шақырым жол жүріп, Қытайдан Қазақстанға келген. AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек бұл экспедиция екі ел арасындағы достық пен сыйластықтың жарқын белгісіне айналғанын атап өтті. Сонымен қатар ол бұдан кейін де ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бастамаларды  қолдай беретінін жеткізді.

Жайна Еркінқызы, экспедиция мүшесі:

- Біздің қазақ еліне тұңғыш келіп жатқан жайымыз бар. Бұған дейін келіп көрмегенбіз. Жол бойы көптеген қиыншылық болған. Алайда көздеген жерімізге қайтсек те жетеміз деген мақсатымыз болды. Сол себепті бәрі де жақсы аяқталды деп ойлаймын. Тұңғыш өткенде аталарымыз, апаларымыз шығып, шашуын шашып, қарсы алып алды. Күнделікті той болды десем де болады. Ризамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz