Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Владимир Путин Мәскеуде Қазақстан өнерпаздарының гала-концертін тамашалады. Мерекелік кеш әйгілі Үлкен театр сахнасында өтті. Онда қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерін насихаттап жүрген танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Бұл концерт Қазақстанның бай мәдени мұрасын танытып, екі елдің рухани диалогын нығайтуға ықпал еткені анық. Отандық әртістер Ресейдің Гнесин атындағы музыка академиясының домбырашыларымен «Бірлік әуендері» күйін орындады.
Сауалнама:
- Концерт жоғары деңгейде өтті. Режиссура, мазмұны, әр нөмірдің орындалуы, бәрі-бәрі қатты ұнады. Керемет әсер алдық. Тіпті бұл жерден кеткіміз келмей қалды.
- Бұл концерт екі елдің рухани диалогын нығайтатыны анық. Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Алғысымыз шексіз.
Гала-концерт Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндерін қорытындылады. Бағдарлама Мәскеу қаласында қазан айынан бері жалғасып келді. Осы уақыт ішінде жергілікті тұрғындар қазақстандық кино, театр өнерімен жақынырақ танысты. Сондай-ақ танымал Третьяков галереясында отандық суретшілер көрмесі ұйымдастырылды.
Тегтер #гала концерт #қазақстан Ресей #Қасым Жомарт Тоқаев #Владимир Путин #мәдени мұра #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz