«Масштаб. Планета. Жер». Анкарада дәл осындай атаумен түркі әлемінің рухани кеңістігінде ерекше орын алатын тұлға, ақын, жазушы, түркітанушы Олжас Сүлейменовтың мұрасына арналған халықаралық көрме өтті.
Қаламгердің еңбек және өмір жолына арналған ғылыми-танымдық шара Түркияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ерекше экспозицияға ЮНЕСКО, Түрксой ұйымы және мәдениетті жақындастыру орталығы ұйытқы болған. Шараға түркі елдерінен келген ресми өкілдер, ғалымдар, сондай-ақ Қазақстаннан арнайы келген делегация қатысты. Олар жазушы туралы деректі фильмді тамашалап, ғылыми еңбектерімен танысты. Сондай-ақ жиында Сүлейменовтың сиясы кеппеген «Я знаю» кітабының тұсауы кесілді. Ал жарыққа шыққанына жарты ғасыр толған «Аз И Я» еңбегі қазір қытай тіліне аударылып жатыр.
Салтанат Әшімова, ЮНЕСКО қамқорлығындағы мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары:
- «Я знаю» кітабы жинақ. 60-70 жылға жуық жинаған өзінің тіл танымдық, түркі тану саласындағы еңбектері, соның ішінде кейінгі жазып жүрген «асирис заңы», «закон асириса», «өсіріс заңы» дейді. Сол өсіріс, бұл - өсімдік Құдайы. Египетте Асирис болса қазақтың өсіріс деген сөзінен шыққан деп дәлелдеп жатыр. Кезінде «Аз И Я»-да түркі сөздерін тапса, енді Египеттің Асирис деген аты қазақтың «өсіріс» деген атауы деп жаңалық енгізді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Олжас Сүлейменов #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz