Алматы музейінде әлемдік әдебиет классиктері Пушкин, Достоевский және Шолоховтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды.
Экспозициядағы мұрағат құжаттары, фотоматериалдар мен хаттар орыс жазушыларының қазақ жерімен байланысын көрсетеді. Александр Пушкин 1833 жылы Орынборға келіп, “Пугачев тарихы” және “Капитан қызы” шығармаларын жазуға қажет материалдар жинаған. Фёдор Достоевский 19-ғасырдың екінші жартысында бес жыл бойы Семей қаласында болған. Ал Михаил Шолохов Ұлы Отан соғысы кезінде әскери тілші бола жүріп, отбасы тұрған Орал қаласына жиі келіп тұрған. Қазіргі уақытта Семей мен Оралда осы ақын-жазушылардың мемориалдық музейлері жұмыс істейді. Алматыдағы көрме 15 желтоқсанға дейін жалғасады.
Жантас Сафуллин, БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры:
- Батыс Қазақстан облысындағы Шолохов және Пушкин атындағы мемориалды музейлердің экспонаттарын осы Алматы қаласына алып келіп көрме ұйымдастырып жатырмыз. Бұл 18, 19 және 20-ғасырда Батыс өңірде соның ішінде Орал қаласында болған ірі оқиғалар сол орыс классиктері біздің өңірімізге келіп тарихымызды зерттеп содан кейін үлкен маңызды, тарихи да маңызды, әдеби де маңызды шығармалар дүниеге келді.
Тегтер #Алматы #Әдебиет #көрме #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz