RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Түрікменстанның мәдени байланысы қалай дамып жатыр?

24.11.2025, 07:20 398

Бауырлас екі ел арасында мәдени-рухани байланыс та жоғары. Мәселен, былтыр Ашхабадта Абай Құнанбайұлы мен күйші Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіштері ашылды. Ал Астанада түрікменнің әйгілі жыршысы, ақын Мақтымқұлының ескерткіші бой көтерді.

Қос елдің мәдениет саласының өкілдері жиі жүздесіп, пікір алмасып тұрады. Биыл сәуір айында түрікмен делегациясы Ақтау қаласы түркі дүниесінің мәдени астанасы аталғанда арнайы келді. Сондай-ақ биыл Астанада өткен ІІ Орталық Азия медиафорумына, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерделеуге арналған халықаралық симпозиумға түрікмен делегациясы арнайы келіп қатысты. Қазан айында Дина Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрі Ашхабадқа барып, Қазақстан Республикасы күні және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай концерт берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz