RU
Толық нұсқаға өту

Омбыда Ш. Уәлихановтың 190 жылдығы атап өтілді

26.11.2025, 14:30 420

Омбыда Шоқан Уәлиханов ұлықталды, деп хабарлайды 24KZ. Ғалым, этнограф, саяхатшы әрі дипломаттың 190 жылдығын атап өтуге Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және өзге де елдерден ғалымдар мен дипломаттар жиналып, «Уәлиханов оқулары» атты ғылыми-тәжіриелік конференцияға қатысты.

Ал ғылыми сессиялар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы филиалында өтті. Тарихшы-ғалымдар Уәлиханов еңбектерін талқылап, оның Қашғар сапарының мақсаты мен мәнін және мәдениетаралық байланыстар жайын сөз етті. Конференция аясында Қазақстан және Ресей кадеттері мен мектеп оқушылары арасында шығарма жазудан байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Керім Қожамбердиев, Қазақстанның Омбыдағы Бас консулы:

- Бұндағы басты мақсатымыз... Біздің Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектері тек қана ХІХ ғасыр емес, қазіргі күнге дейін өте маңызды екенін және де еңбектері бұл екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды гуманитарлық бағыттарды нығайтып отырғанына арналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz