RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда түркі тілдес елдердің кітап жәрмеңкесі өтті

26.11.2025, 22:46 370

Түркістанда түркі тілдес елдердің халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі түңлігін түрді. «Turkestan Book Fair» көрмесіне Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Саха Республикасы, Ресей мен Қазақстаннан баспа, кітап саудасы, ғылым-білім беру және полиграфиялық компанияларынан 50-ге жуық өкілі қатысып, өз өнімдерін ұсынды. 

Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесері, автормен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізілді. Көрменің мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, отбасымен бірге кітап оқуды насихаттау, оқырман талғамын қалыптастыру. Жәрмеңке үш күнге жалғасады.

Ұларбек Дәлейұлы, «Бату хан» тарихи-деректі романының авторы:

- «Бату хан» романы былтыр жарық көрген «Жошы хан» романының жалғасы деуге болады. Тарихи дерек ізі бойынша, Батудың хан ретінде қалыптасуы, ол кезде Жошы ұлысы аталған, Ұлық ұлыс аталған. Сол Ұлыстың хан тағына келуі. 1235 жылғы Қарақорымда өткен үлкен құрылтайдан кейін 70 мың әскер бастап, батыс жорығына аттануы. Ары қарай жорық жасаудың керегі жоқ, осы жер жетеді деген сияқты оймен Еділ бойына қарай қайта оралуы - соған дейінгі аралықты қамтиды.

 

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz