RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда түркі әлемі суретшілерінің көрмесі өтті

28.11.2025, 20:25 412

Бауырлас алты елдің жас суретшілері түркі мемлекеттеріндегі дәстүрлі балалар ойындарын бейнелеп, шығармаларын арнайы көрмеде ұсынды. Үздік жұмыстар Ақтауда өткен ТҮРКСОЙ мәдениет министрлерінің 42-отырысы барысында таныстырылды. 

Көрме «Ақтау 2025 - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында ұйымдастырылып, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия қатысушыларының басын қосты. Байқауға екі мыңнан астам өтінім қабылданған. Шараның мақсаты - түркі халықтарының құндылықтарын, сондай-ақ олардың материалдық және материалдық емес мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу. Байқау қорытындысы бойынша әр елден үш үздік жұмыс пен финалистердің барлық картиналары арнайы альбомға енгізілді.

Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы:

- Біз жыл сайын жас суретшілерге арналған байқау өткіземіз. Биылғы байқаудың тақырыбы - «Түркі әлемінің дәстүрлі балалар ойындары». Қатысушылар өздері ұсынған жұмыстарында тақырыпқа қатысты көзқарастарын жан-жақты көрсетті. Жұмыстар жоғары деңгейде орындалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz