RU
Толық нұсқаға өту

«Руың кім?» комедиясы прокатқа шықты

10.12.2025, 22:55 1046

Руың кім?

Tiger Films продюсерлік компаниясы ұсынған жаңа туынды осылай деп аталады. Фильм рушылдықты қолдамайды. Қайта халықтың бірлігі мен ұлттық құндылықтарды насихаттайды. Кино комедия жанрында түсірілген. Картинаның тұсаукесері Алматыдағы HALYK IMAX Kinopark 16 кинотеатрында өтті.

«Руың кім?» отбасылық комедия. Фильмнің желісі шаңырақ көтеруге сөз байласқан екі жастың төңірегінде өрбиді. Оқиға шығу тегі мен шежіредегі бір ғана қателіктен басталады. Сөйтіп, кейіпкерлер өздерінің қай рудан екенін анықтауға бел буады. Жеті атасынын білу, генетикалық зерттеулер, құда түсу кезіндегі қызықты оқиғалар. Осының бәрі комедия жанрында өріледі.

Нұржан Еркінұлы, сценарий авторы:

- Руың кім деп қазақ бірі-бірінен сұрағанда сен қай елденсің, сенің артыңда кім бар ата балаларың кім деген сияқты. Біз ешқашан ұмытпауымыз керекпіз. Қайдан шыққанымызды? Әсіресе құдаласқан кезде құда қай рудан екен дейтін сәттер болады. Біз соларға сатира ретінде қарадық. Нәтижесін үлкен экраннан көре аласыздар.

Картина сатира арқылы «мен кіммін?» деген сұраққа жаңа қырынан жауап іздейді. Фильмде басты рөлдерді Қайрат Әділгерей, Айнұр Ильясова, Мерей Мақажан, Жанболат Найзабеков сияқты танымал актерлер ойнайды.

 Жанболат Найзабеков, актер:

- Ешкімді бөлген жоқпыз. Керісінше осы руларды астарлай түстік. Менің образым қарапайым отбасынан шыққан асаба. Құрылыс компаниясында жұмыс істейтін жігіт құда болып келеді. Мен қандай ортада шықпайын менің ұлым жақсы жердің қызын алуы керек текті жердің қызын алуы керек. Өйткені мен ұлыма ондай жаман тәрбие берген жоқпын деген сияқты мәселер қозғалады.

Айта кетейік, Tiger Films продюсерлік компаниясы 2021 жылдан бері 50-ден астам фильм түсірген. Ал «Руың кім?» отбасылық комедиясы үлкен экранға 11 желтоқсаннан бастап шығады. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Айдос Қалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz