Алматыда Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған қойылым сахналанды.
«Даланың ұлы. Түс пен өң» деп аталатын спектаклді Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры қойды. Сахнада балет, драма және вокал труппалары толық ұжыммен өнер көрсетті. Тәуелсіздік күніне орай сахналанған қойылымда Бауыржан Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі, туған дала мен ана тілге деген сүйіспеншілігі баяндалады. Мақсат — жас ұрпаққа тәуелсіздік пен бейбітшіліктің қадірін түсіндіру.
Наталья Ли, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының директоры:
- Премьераға бір ай дайындылдық. Спектакльдің сценарий авторы әрі режиссері Юрий Цай. Бауыржан Момышұлының ерлігін соғыс жылдарындағы әндер арқылы сахналадық. Бұл қойылым алдағы уақытта қазақ және орыс тілдерінде тұрақты түрде сахналанады.
Тегтер #Бауыржан Момышұлы #Алматы #корейлер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz