Астанада алғаш рет айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының кеңсесі ашылды.
Енді ұлттық өнер өкілдерінің бас қосатын өз ордасы бар. Бұл орталық талантты жастарды тәрбиелеп, төл өнерімізді дамытуға қызмет етпек.
Бұл кеңсе шайырлар үшін нағыз шығармашылық үйіне айналмақ. Мұнда тек толымды ой-толғамдар туып қана қоймай, ұлттық болмыстың жауһарлары мен рухани мұрасы дәріптелмек. Орталықта кездесулер өткізіп, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жас ақындарға шеберлік сабақтарын үйретуге мүмкіндік мол.
Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біздің одақтың бүкіл облыс орталықтарында филиалдары, өкілдіктері бар. Облыстағы ақындарымыз Астанаға келгенде ең бірінші маңдай тіреп келетін қара шаңырақ деп ойлаймыз. Кеңсеміз Астанадағы рухани қара шаңырақтың бірі болсын дегім келеді. Бұл шаңырыққа зиялы қауым, ақындарымыз, тау тұлғаларымыздың барлығы келіп, кездесулер өткізетін, күнделікті одақтың жұмыстарының жүйесі қалыптасатын үлкен қара шаңырақ болады.
Жаңа кеңсенің ашылуына белгілі мәдениет қайраткерлері қатысты. Ақын Серікзат Дүйсенғазының айтуынша, мұндағы басты мұрат - шайырлардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, рухани сабақтастықты үзбеу.
Серікзат Дүйсенғазы, айтыскер ақын:
- Жыл сайын жоспарлы түрде айтыстар өтіп жатыр. Тек қана үлкен айтыскерлердің емес, мектеп оқушыларының айтысын да қолға алдық. Жыл сайын жүйелі түрде өткіземіз. Жылдың соңында 3 деңгейде қорытынды айтыстар өткізіп жатырмыз. Алтын домбыра, күміс домбыа және қола домбыра деп. +0216 Бұл өнерді біз ЮНЕСКО-ның Бекзат өнері деген номинациясы бойынша кіргіздік. Бұл өнерді әрі қарай жетілдіріп, бұны Еуропада, Америкада керек болса Азияға насихаттауға дайындалуымыз керек.
Бұл орталықта ғылыми ізденістер мен өнердің өрелі үлгілері тоғысып, ұлттық кодын сақтаған парасатты қоғам қалыптастыруға жол ашылады. Сарыарқа төріндегі бұл Ақ орда домбыраның үні мен ақынның жыры толастамайтын, қазақ рухының мекені болмақ.
Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Диас Қовланбаев
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #айтыс #ақындарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz