RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жылжымалы көрме ашылды

19.01.2026, 23:20 291

Алматыдағы Ұлттық орталық мұражайда «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жылжымалы көрме ашылды. Көрмеде Эстонияның Ұлттық музейінен әкелінген қолғаптар көпшілікке ұсынылды. 

Бұл қолғаптар ғасырлар бойы тек тұрмыста емес, сұлулық пен дәстүрді сақтау үшін қолданылған. Көрменің тұжырымдамасы «Тілек ағашы» идеясынан алынған, онда қолғаптар ағаштың «жемістері» іспетті. Эстониялықтар қолғап иесінің жан дүниесімен жылы естеліктерін сақтайды деп сенеді. Эстон ұлттық музейі – халықаралық деңгейдегі танымал орталық. Қорында 120 мыңнан аса  экспонат бар. Көрме бұған дейін Венгрия, Нидерланд, Франция сынды елдерде көрсетілген, енді Алматы көрермендеріне жол тартып отыр. 

Анна Кущенко, ҚР Ұлттық орталық музейі сыртқы байланыстар бөлімінің жетекшісі:

- Қолғапқа қатысты үйлену, жерлеу, ғұрыптық салт-жоралғылармен байланысты көптеген дәстүр бар. Мысалы күйеу жігіт қалыңдығына қолғап сыйлайтын болған. Бұл – міндетті түрде орындалатын салттардың бірі. Әрбір қолғаптың өзіндік терең символикасы бар. Ол тек шебердің қолтаңбасын, жасалу технологиясын, дизайнын ғана емес, ерекше бір энергияны да жеткізеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz