Құрылтайда Мемлекет басшысы «Ұлттық цифрлық мұра» жобасын жүзеге асыруды жандандыру бойынша да тапсырма берді.
Осыған орай елдің тарихи, мәдени және ғылыми мұрасын сақтау, жүйелеу және таныстыруға арналған бірыңғай ұлттық цифрлық платформа құру қарастырылып отыр. Бүгінде алғаш рет Қарахан, Айша бибі, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінде, көне Отырар қалашығында заманауи цифрлық жүйелерді орнату жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ маңызды жетістіктердің бірі ретінде «E-museum» порталын атап өтуге болады. Мұнда 285 музей қорынан 66 мыңнан астам экспонат енгізілді. Бұдан бөлек порталда үш өлшемді модельдер мен виртуалды турлар бар. Кино саласында да цифрландыру қолға алынды. «E-кино» жүйесіне 68 кинотеатр қосылып, былтыр ел бойынша 20 310 электронды билет сатылды. Жоба ұлттық кино жұмысын талдауға жол ашты.
E-museum порталы
285 музей
66 мыңнан астам экспонат
3D-модельдер мен виртуалды турлар
«E-кино» жүйесі
68 кинотеатр
20 310 билет
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай #мәдени мұраларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz