Ташкент облысына қарасты Шыршық ауданында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевың есімі ұлықталды.
Жергілікті қазақ мектебінің оқушылары поэзия алыбының өлең жырларын жатқа айтып, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады.
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы мен өлеңдер жинағы Өзбекстандағы қазақ мектептерінің оқу бағдарламасында бар. Қандастар әсіресе поэзия алыбының отан, табиғат, махаббат жайлы шығармаларын жақсы біледі.
Әйгерім Нұрманова, оқушы:
- Сабақтарда Мұқағали Мақатаев жайлы өтеміз. Өлеңідерін жатқа айтамыз. Апайларымыз үйретеді.
Гүлайым Өмірзақова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
- Өзбекстандағы қазақ мектептерінде оқып жатқан оқушыларымыз барлық ақын жазушыларды жүрекпен мейіріммен оқып жаттап, әдемілеп айтып береді. Сүйіп жаттайды.
Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталықтары жергілікті мектептермен қоян қолтық жұмыс істейді. Мақсаттары Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтап, қаракөз жастарға кеңінен насихаттау.
Дамир Қалдыбаев, Ташкент облыстық қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы:
- Ақындардың өлеңдерінің тәрбиелік мәні жастарға берері орасан зор. біздің келешегіміз жастар. Өмірге, әдебиетке деген көзқарасын одан да шыңдау.
Рухани іс-шарада оқушылар Орталық Азияның шайыры Әлішер Науаи мен жергілікті қазақ ақыны Мекембай Омаровтың да өмірбаянын талдап, өлеңдерін жатқа айтты.
Тегтер #Мұқағали Мақатаев #ақын #еске алу
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz