RU
Толық нұсқаға өту

Мароккода «Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі» көрмесі өтті

12.02.2026, 20:37 566

«Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі». Мароккодағы ICESCO -ның штаб-пәтерінде ұлы ойшылдың өмір жолына арналған сурет көрмесі өтті. 

Авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер және Суретшілер Одағының мүшесі Жанұзақ Мүсәпір. Айрықша  мәдени шараны  Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы мен Қазақстанның Мароккодағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырды. 

Бұл – жай ғана көрме емес, өркениетті жалғаған мазмұнды диалог. Ұлттық Құрылтайда  мемлекет басшысы Әл-Фарабидің рухани және мәдени мұрасын халықаралық аренада кеңінен танытып, насихаттау қажеттігін айтқан еді. Суретші Жанұзақ Мүсәпірдің картиналары осы үдеден шығып отыр. Оның туындыларында  ұлы ойшылдың шынайы ізгілік идеялары мен Қазақстанның ұлттық мәдени коды көрініс тапқан. 

Жанұзақ Мүсәпір, суретші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері 

- Ғұлама ғалымды біз қазақ жерінен шығып, қазақ даласында өсіп, мына Отырарада туып , Отырарда өсіп сол жерде білім алып әлемге өзін көрсеткен ретінде танытуымыз керек. Әл-Фарабидің екі вариантын жаздым. Бірінші варианты Сириядағы Дамаск қаласында тұр. Сол Әл-Фарабидің жатқан жеріндегі музейіндегі үлкен 12 метрлік картина. Ал енді мына екінші соның жартысындай 7 метрлік картинаны ICESCO  – дағы мына Мороккодағы Рабат қаласындағы бас ғимаратына апарып сол жерге табыстадым.

«Жанұзақ Мүсәпір Әл-Фарабидің өмір жолын бейнелейтін бес картинасын ICESCO-ға сыйға тартты. Бұл ұлы ойшылға  деген айрықша құрметтің белгісі», - дейді автордың өзі. Халықаралық ұйым басшылары Қазақстанмен мәдени әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтіп, көрмені жоғары бағалады. Қазір Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымына 54 ел мүше. 

Абделилах Бенарафа, ICESCO бас директорының орынбасары:

- Бұл көрме ICESCO  мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа бағытын ұсынады. Әбу-Насыр әл-Фараби «Шығыстың Аристотелі» атанған әлемге әйгілі ойшыл. Философия, математика, астрономия, музыка, логика сияқты ғылымның сан саласын дамытқан тұлға. Біз осы ұлы адамның өмір жолын бейнелейтін  көрменің өткеніне  қуаныштымыз. Біз сіздердің елді тағы тани түстік.

Сәулекүл Сайлауқызы, ҚР Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі:

- Неге Әл-Фарабиге сондай үлкен қызығушылық ICESCO-да болды? Өйткені бүкіл мұсылман әлемі бүкіл адам азаматы Әл-Фарабиді жақсы біледі, жақсы таниды. Сондықтан ICESCO-ның да бір мақсатының бірі осы Әл-Фараби білімін, ілімін, еңбектерін арықарай таныстыру. Енді Қазақстан мен ICESCO бірлесіп Әл-Фараби тақырыбында біраз істер атқарды.

Жанұзақ Мүсәпір қазақтың бейнелеу өнерін әлемге танытуды көздейді. Қылқалам шебері бұған дейін 30-ға жуық елде көрме өткізген. Ендігі жеке көрмесін Будапеште жасауды жоспарлап отыр. 

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz