RU
Толық нұсқаға өту

«Қыз Жібек» операсы ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін

14.02.2026, 15:21 253

Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің нар тұлғасы, ұлы ойшыл Мәшһүр Жүсіптің қолжазбалары мен қазақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібек» шығармасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізілуі мүмкін. 

Сонымен қатар Абайдың «Қара сөзі», Есік қорғанында табылған руналық көне ыдыс пен басқа да ерекше ескерткіштер тізімді толықтырады деп жоспарланып отыр. Ал деректі мұраның ұлттық тізіміне 70 нысан кірді. Алдағы уақытта олардың санын арттырып, жаңа аталымдар ұсыну көзделген. Бұл бастамалар бүгін Астанадағы «Sarap» сарапшылар клубының отырысында талқыланды. Қатысушылар конституциялық құндылықтар жүйесіндегі тарихи-мәдени мұраның маңызы туралы әңгімелесті.

Күміс Сейітова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:

- Былтырғы жылы мәселен, «Әлем жадыға» Қазақстанның хандар шежіресі енсе, биылғы жылы Құрылтайда Президентіміз «Әлем жады» тізіміне Абайдың «қара сөзін» енгізуді тапсырды. Осы бағытта кітапхана ретінде жұмыс жасалып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz