RU
Толық нұсқаға өту

Моноопера қазақ тілінде сахналанды

21.02.2026, 19:30 369

Атақты француз композиторы Франсис Пуленктің «Адам дауысы» моно-операсы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды. 

Туынды Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында қойылды. Моноопера Жан Коктоның пьесасы негізінде жазылған. Бұл шығарма ХХ ғасырдағы опера өнерінің жауһары саналады. Оны 2023 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Дауыс» деген атаумен сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген еді. Енді өнерсүйер қауымға, моноопера жанрында ұсынылып отыр. Әлемдік музыка мұрасы бірнеше тілге аударылған. Бұл қатарға қазақ тілінің қосылуы, мәдениетіміздің жаһандық деңгейдегі интеграциясын тағы бір мәрте дәлелдейді. Монооперадағы жалғыз партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Дәрия Жүсіп орындады. Сүйемелдеген Төлепберген Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі.

Нұрғиса Дәуешов, Жамбыл атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры:

- Ерекшелігі симфониялық оркестрмен драмалық театрдың актрисасының орындауында айтылуында шығарылуы. Бұл үлкен таланттың, үлкен еңбектің және де осы үлкен дайындықтың нәтижесі. Біздің шығармашылық топ бұған әрине бір жыл емес, біраз жыл бойы дайындалып келді. Тұңғыш қазақ тіліндегі моноопераның қойылуы еліміздің мәдениет саласында өнер саласында өз орнын ерекшелігін айқындайды және де оған қазақтың симфониялық оркестрі Жамбыл атындағы филармонияның құрамындағы осы  атсалысуы біз үшін де үлкен мәртебе.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz