«Марко Полоның саяхаты» атты кітаптің түпнұсқасы алғаш рет қазақ тіліне аударылды. Шығарма ортағасырлық итальян тілінде жазылған.
Тұсаукесер рәсімі Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. Бұған дейін венециялық көпестің бұл еңбегі қазақшаға тек «аралық тілдер» арқылы тәржімаланып келген. Кітап Марко Поло мен пизалық жазушы Рустикеллоның тандемінен туған. Марко Поло XIII ғасырда Венециядан шығып, Орталық Азия арқылы Құбылай хан ордасына дейін барады. Он жеті жыл бойы Моңғол империясының сарайында қызмет етеді. Атақты көпес - өз заманындағы ең алыс әрі ең қауіпті сапардың куәгері болды. Оның еңбегі Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды, Азиядағы алып мемлекеттерді, олардың тұрмысын, дәстүрін алғаш рет Еуропаға жүйелі түрде таныстырған шығарма ретінде белгілі. Кейін кітаптің бірнеше көшірмесі жасалды. Соның бірі венециялық Рамузионың 1559 жылғы нұсқасы.
Райма Әуезхан, аудармашы:
- Рамузионың нұсқасын қазақ тіліне аударған кезде әрине, қиындықтар болды. Өйткені ол орта ғасыр итальян тілі қазіргі итальян тілінен өзгешеліктер көп. Әсіресе кейбір ұғымдар мен терминдерді қазақ тіліне аударуда көп қиындықтарға ұшырадық. Бірақ осы терминдер мен аударуға келмейтін қазақша баламалары табылмайтын ұғымдарды әр бетте төменгі жағында өзінің қосымша қазақ тілінде түсініктемесі беріліп отырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #карко поло #кітап #қазақ тілі #аудармаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz